«NN Journal» – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамалары мен саясатын ғылыми-тарихи зерделеуге, зияткерлік қолдауға және тиімді қоғамдық ілгерілетуге арналған Елбасы кітапханасының ресми басылымы. Журналда Елбасы кітапханасының ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық қызметінің нәтижелері де кеңінен жарияланып тұрады.

Елбасы кітапханасының жаңа журналы Қазақстанның ішінде және одан тыс жерлерде мақсатты оқырмандармен тікелей идеологиялық қарым-қатынас түрінің бірі болып табылады. Басылым толығымен Елбасының тұлғасына, оның қазіргі саяси қызметіне, қазақстандық мемлекеттіліктің дамуына қосқан тарихи зор үлесі мен барлық әлемге ықпал еткен стратегиялық бастамаларына арналған.

«NN Journal» журналының қызметі – Елбасының стратегиялық бағытын қалың жұртшылыққа түсіндіру, мемлекеттік идеологияға шығармашылық және ақпараттық-сараптамалық қолдау көрсету және Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларына жан-жақты талдау жасау.

Негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасының тәуелсіз мемлекеттілікті дамытудағы қызметі мен мол үлесін кешенді түрде көрсететін қазіргі заманғы мемлекеттік дамудың нақты өзекті мәселелері бойынша тұжырымдамалық тақырыптық сандарын шығару.

Журналдың өзектілігі Елбасы қызметі арқылы Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен нығаюының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамдық-саяси және ғылыми-зерттеу маңызы бар ашық пікірталас кеңістігін құру қажеттілігінен туындайды.

Журналдағы жарияланымдардың түрлері: ғылыми мақалалар, сараптамалық пікірлер, тақырыптық аналитикалық шолулар мен материалдар, рецензиялар, қысқа хабарламалар (пікірталастар мен талқылаулар, жазбалар, конференция шолулары), дайджестер, фоторепортаждар.

Журналдың авторлық ұжымы беделді саясаткерлерден, сарапшылардан, ғалымдардан, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, Елбасы кітапханасының жобалары мен іс-шаралары жөніндегі серіктестерінен құрылған.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тоқсан сайын жарық көріп, алыс-жақын шетелдерге таратылады.